«Жобалаушының автоматтандырылған жұмыс орны» АЖО
«Геоинфо» компаниясы жерге орналастырушы мамандардың жобалық және іздеу жұмыстарын орындау үшін «Жобалаушының АЖО» модулін құрастырды. Бұл модуль кешенді GICsys бағдарламалық өнімнің құрамына кіреді.
GICsys (Geoinformation Cadastral System) бағдарламалық өнімнің кешені геоақпараттық кадастрлік жүйе болып табылады және де жерге орналастыру мен қала құрылыс кадастрі саласында жұмысты жүргізуге, мемлекеттік пен муниципалды басқару органдарында, жедел жауап қату қызметтерінде қолдануға, геодезиялық пен картографиялық жұмыстарды атқаруға, экологиялық, су қорғау мен табиғатты қорғау, жер қойнауын пайдалану саласында жұмысты жүргізуге арналған.

GICsys кешенін қолдану саласы
- Қала құрылыс пен жер кадастрі;
- Геодезия және картография;
- Жылжымайтын объектілерді есептеу;
- Инженерлік коммуникацияны қолдану мен жобалау;
- Жер қойнауын пайдалану;
- Су ресурстары;
- Мұнай және газ өндірісі;
- Жедел жауап қату қызметі;
- Орман шаруашылығы;
- Табиғат ресуртары және экология.

GICsys функционалды мүмкіндіктері
GICsys кешеннің барлық модульдері үшін бірыңғай қабаты болып, келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
- векторлы объектілер мен расторлы суреттермен операцияларды орындау;
- атрибутты және графикалық деректердің арасында байланысты орнату;
- ақпараттық ресурстар мен анықтамалық ақпаратты беру.

GICsys кешенінің авторизациялау терезесі — Модульдерді таңдау терезесі
«Жобалаушының АЖО» модулі

«Жобалаушының АЖО»
функционалды мүмкіндіктері
«Жобалаушының АЖО» модулі ГАЖ-технологияларын қолдану бойынша жобалық жұмыстарды орындауда қолданылады.

Картамен және картадағы объектілермен жұмыс
Әкімші жұмыс істеуге арналған карталарды GICsys құрамына кіретін «Әкімшінің АЖО» модулі арқылы жүктейді.
GICsys картамен және картадағы объектілермен келесі операцияларды орындауға мүмкіндік береді:
- жұмыс алаңында картаның көрінетін бөлігін ауыстыру;
- картаның көрінетін бөлігінің масштабын үлкейту/кішірейту;
- элементтермен жұмыс істеу үшін оларды картада белгілеу;
- картаның экстентері арасында ауысу;
- картада бет белгілерді құрастыру, өзгерту, өшіру;
- объекті бойынша ақпаратты қарау (кадастрлік нөмірі, ауданы, иесі және т.б.)
- объектілерді салу: жаңа объектілерді құрастыру, бар объектілерді өзгерту және өшіру;
- объектілерді айналдыру, оларға түрлі құралдар мен сурет салу функцияларын қолдану;
- атрибут бойынша объектілерді іздеу.
Жағдайлармен жұмыс
Жобалаушының АЖО жағдаймен келесі операцияларды орындауға мүмкіндік береді:
Жағдайды таңдау және көшу, жағдайды көру;
- Жағдайды құрастыру:
- Жағдайдың объектілерін құрастыру (нүктелік, сызықтық және полигоналды қабаттарында);
- Өзгерту үшін түрлі қосымша құралдар;
- Жағдайды өзгерту;
- Жағдайды өшіру.

Есеп беру құжаттамасын басып шығару
Жобалаушының АЖО келесі құжаттарды басып шығаруға мүмкіндік береді:
- тапсырыс беру бланкі;
- картаның қазіргі бөлігі;
- жер телімінің шекарасын орнату сызбасы;
- координаталардың тізімдемесі;
- жер телімін беру жобасы;
- геодеректерді шығару;
- санитарлы-қорғау аймақтары;
- және басқа құжаттар.
Бағдарламада құжатты іздеу, экспорттау және импорттау қарастырылған. Әкімшінің есептер үлгісін өзгертуге мүмкіндігі бар.
Санитарлы-қорғау аймақтармен жұмыс
Панель инструментов «Санитарлы-қорғау аймақтары» құрал-саймандар панелі келесі құралдар мен пәрмендерден құралады:
- Қазіргі аймақ панелі (Аймақты таңдау);
- Әрекет панелі:
- Санитарлы-қорғау аймақтарын құрастыру;
- Санитарлы-қорғау аймақтарын өшіру;
- Санитарлы-қорғау аймақтарын басып шығару;
- Санитарлы-қорғау аймақтарын құрастыруға арналған құралдар.
«Жобалаушының АЖО» арртықшылығы
- Бірнеше қолданушылардың мемлекеттік жер кадастрінің бірыңғай деректер қорымен қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі;
- мемлекеттік жер кадастрінің мамандарын қатаң қадағалау арқылы жер телімі мен жер қолданушылары бойынша қосарлануды, әдейі өзгерту мен өшіруді болдырмау;
- мемлекеттік жер кадастрінің мамандарының жұмыстарын толық бақылауды жер телімінің графикалық деректер қорын құрастыру мен өзгерту бойынша барлық әрекеттерді қадағалау мүмкіндігімен жүргізу;
- жерге орналастыру жұмыстарының толық кешенін орындау: қажетті құжаттар пакетін құрастыру, өзгерту және сақтау;
- жер телімдерімен жұмыс істеуге арналған қуатты функционал, яғни: жер телімдерін құрастыру, өзгерту, өшіру мен түрлі қосымша функциалар.
Барлық жобаларға оралу
